Әлем футболы

Криштиану Роналду футбол тарихында үздік сұрмерген атанды

Криштиану Роналду футбол тарихында үздік сұрмерген атанды
news-banner7
mobile-news-top

35 жастағы португалиялық футболшы Криштиану Роналду 760-голын Италия суперкубогында «Наполи» қақпасына соқты. Осылайша, ол голдар саны бойынша абсолютті рекордты жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz Sky Sports-қа сілтеме жасап.

Бұған дейінгі жетістік 1931-1955 жылдар аралығында 759 гол соққан чехословакиялық шабуылшы Йозеф Бицанға тиесілі болған еді.

Роналду мен Бицаннан басқа, футбол тарихындағы үздік бомбардирлер қатарына бразилиялықтар Пеле (757 гол) мен Ромарио (743), сонымен қатар аргентиналық Лионель Месси (719) кіреді.

Криштиану Роналду «Реал» сапында 450, «Манчестер Юнайтед» құрамында 118, Португалия құрамасында 102, қазіргі клубы «Ювентуста» 85 және Лиссабондық «Спортинг» командасында 5 гол соқты».

Роналду оң аяғымен 488, сол аяғымен 139, басымен және дененің басқа бөліктерімен 131 гол соқты.

Фотосурет Skysports.com сайтына тиесілі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер