Дзюдошылар Шымкентте дайындалып жатыр
Шымкентте дзюдодан Қазақстан ерлер құрама командасының кезекті оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. 14 қаңтарда басталған жаттығу жиыны 30 қаңтарға дейін жалғасады.
Аталған жаттығу жиыны екі кезең бойынша өтеді. Қазіргі таңда Шымкент қаласында орналасқан "БИІК" спорт базасында 15 татами шебері шеберліктерін шыңдауда.
Екінші кезеңде жаттығуға ұлттық құрама сапынан жеті дзюдошы қосылады. Аталған жаттығу жиыны барысында спортшылар жалпы физикалық дайындықтарын пысықтайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или