World Judo Masters: Қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары анықталды
Дохада дзюдодан әлемдік Masters турнирінің жеребесі тартылды. Нәтижесінде, қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қасыластары белгілі болды.
60 келіде белдесетін Елдос Сметов жарысқа екінші айналымнан қосалыды. Оның алғашқы қарсыласы болгориялық Янислав Герчев болмақ. Дәл осы салмақта Ғұсман Қырғызбаев түркиялық Михраж Аккусқа қарсы шығады.
66 келіде Елдос Жұмақанов ресейлік Шамиль Якуповпен, Ерлан Серікжанов украиналық Георгий Зантараямен белдеседі.
73 келіде Жансай Смағұлов франциялық Гийом Шенмен күреседі.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дидар Хамза өзбекстандық Шарофоддин Болтабаевпен кездеседі.
Ал 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде татамиге шығатын Ислам Бозбаевтың алғашқы қарсыласы АҚШ өкілі Колтон Броун болады.
Айта кетерлігі, әлемдік Masters додасы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13:00-де басталады.