Дохадағы Masters турниріне 400-ден аса дзюдошы қатысады

<span>Ертең, 11 қаңтар күні, Катар астанасы Дохада дзюдодан Masters халықаралық турнирі басталады, деп хабарлайды Olympic.kz. </span>
<span>Аталған сынға Қазақстан командасы қатысады. Ұзақ уақыттан бері жарысқа қатыспаған Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов те Доха татамиінде бақ сынайды. Жарысқа 70 мемлекеттен жалпы есебі 400 дзюдошы қатысады. </span>
<span>Турнирдің бірінші жарыс күнінде біздің команда сапынан Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) және Елдос Жұмақанов пен Ерлан Серікжанов (66 келі) сынға түседі. </span>
<span>Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или