Баймұқанов – Қазақстан Чемпионатының ең үздік менеджері

Баймұқанов – Қазақстан Чемпионатының ең үздік менеджері
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өткен маусымдағы менеджерді анықтады, деп жазады Prosports.kz.

Чемпионаттың ең үздік менеджерін анықтауға арналған сауалнама тек отандық футбол клубтары жетекшілерінің арасында жүргізілді.

Әр респондент үш үміткерді таңдады. Бірінші орын - үш ұпай, екінші орын - екі ұпай, үшінші орын - бір ұпай. Сауалнама барлық ұпайды санау арқылы қорытындыланды.

2020 жылғы маусымның «OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік менеджері» номинациясында алматылық «Қайраттың» басшысы Марат Баймұқанов топ жарды. Ол 27 ұпай жинады.

Сауалнама нәтижесі келесідей:

1. Марат Баймұқанов («Қайрат») – 27 ұпай;
2. Ерлан Оразаев («Шахтер») – 10 ұпай;
3. Санжар Сейітқазинов («Каспий») – 8 ұпай;
4. Григорий Лория («Қызыл-Жар») – 6 ұпай;
5. Михаил Гурман («Астана») – 5 ұпай;
6-7. Бақтияр Байсеитов («Ордабасы») – 3 ұпай;
6-7. Николай Панин («Тобыл») – 3 ұпай;
8. Серік Досманбетов («Қайсар») - 2 ұпай;
9-10. Ерлан Бөтембаев («Оқжетпес») – 1 ұпай;
9-10. Серік Мұқанов («Жетісу») – 1 ұпай.
Қазақстан Чемпионаты клубтарының жетекшілері қандай таңдау жасады:

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер