Бокс

Головкин Альвареспен қашан кездесуі мүмкін?

Головкин Альвареспен қашан кездесуі мүмкін?
news-banner7
mobile-news-top

Boxingnews24.com журналисі Дэн Эмброуздың мәліметінше, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин - мексикалық Сауль Альвареспен 2021 жылы мамырда жекпе-жекке шығуға үміткерлердің бірі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«DAZN-де өтетін екі жекпе-жектің алғашқы кездесуінде «Канело» екінші орта салмақта WBC титулына міндетті қарсылас Авни Йылдырыммен жұдырықтасып, WBA/WBC белбеулерін қорғайды.

DAZN келісімі бойынша Альварестің екінші жекпе-жегінің үш нұсқасы бар: Билли Джо Сондерс, Калеб Плант, Геннадий Головкин», - деп жазады автор.

Еске салайық, 20 желтоқсанда мексикалық боксшы ұлыбританиялық Каллум Смитті ұпай санымен жеңіп, екінші орта салмақта WBC және WBA Super титулдарын иеленген болатын. Осы кездесуден кейін ол төрт дивизионның чемпионы атанған.

Ал Головкин содан бір күн бұрын поляк Камил Шереметаны жеңіп, орта салмақта IBF және IBO титулдарын қорғап қалған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер