Сербияда күрес түрлерінен әлем кубогы аяқталды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызСербия астанасы Белградта күрес түрлерінен жекелеген әлем кубогы аяқталды.
Биылғы әлем кубогы Ослода өтпей қалған әлем чемпионатының баламасы ретінде ұйымдастырылған болатын.
Аталған турнирде Ресей құрамасы жалпы есебі 16 алтын медальмен көш бастады.
Екінші орында Қырғызстан (3-0-5), үшінші орында Беларусь (2-1-6) командалары орналасқан.
Айта кетелік, Қазақстан командасы коронавирус індеті таралуының алдын алу үшін аталған жарыстан сырт қалды.