Севара Нишанбаева үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Севара Нишанбаева үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Ақтауда дзюдодан Қазақстан чемпионатында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер арасында 57 келіде шымкенттік Севара Нишанбаева қарсылас шақ келтірмеді. Финалда оған есе жіберген ақтөбелік Бақыт Құсақбаева екінші орынға ие болды.

Аталған салмақ дәрежесінде қола жүлдені Алматы облысының өкілі Гүлнаст Нұрдинова мен ақтөбелік Нұржамал Жарманова өзара бөлісті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или