Ғұсман Қырғызбаев: Қазақстан чемпионатында екінші болғаныма өкінбеймін

Ғұсман Қырғызбаев: Қазақстан чемпионатында екінші болғаныма өкінбеймін

<span>Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Ғұсман Қырғызбаев Қазақстан чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Алматы қаласының спортшысы биылғы ел біріншілігіне жаңа салмақта қатысып, алғашқы жүлдесіне иелік етті.  </span>

<span>66 келде күміс жүлдегер атанған ол Olympic.kz сайтына ел чемпионатын қорытындылап, алдағы жоспарымен бөлісті.  </span>

<span>– Қазақстан чемпионатында екінші орын алғаныма өкінбеймін. Себебі, бүгін өз салмағымнан жоғары, 66 келіде күрестім. Бұл салмақ бойынша ірі жарысқа бірінші рет қатысып отырмын десем де болады. Финалдағы қарсыласым жас болғанына қарамастан мықты екенін көрсетті. Алайда, финалда бауырым Ғұмармен (Қырғызбаев) бірге күресемін деп ойлаған болатынмын. </span>

<span>Ғұмар жартылай финалда қарсыласына есе жіберіп, қола жүлдеге ие болды. Мен күміспен күптелдім. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан чемпионатына қатысудағы мақсат – жаңа маусымға дайындық ретінде формамды бақылау болатын. Ендігі жоспар - бүгінгі күресімді қорытындылап, саралап, алда болатын әлемдік Masters жарысына дайындықты бастау, - дейді Ғұсман Қырғызбаев. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или