Мағжан Шамшадин Дзюдодан Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Мағжан Шамшадин Дзюдодан Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Дзюдодан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

<span>Ақтауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде ерлер 60 келіге дейінгі  салмақ дәрежесінде кімнің чемпион екенін анықтады. Аталған салмақ дәрежесінде финалда жастар арасындағы әлем чемпионы қызылордалық Мағжан Шамшадин мен жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері Алматы облысының өкілі Дамир Болатбеков кездесті. Екеуара кездесу өте тартысты өтіп, нәтижесінде Мағжан Шамшадин жеңіске жетті. Қарағандылық Ержан Еренғайыпов пен БҚО спортшысы Тоқтар Үміталиев жарыстың қола жүлдесіне ие болды.</span><br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или