Ақмарал Науатбек: Ересектер арасындағы алғашқы алтын жүлдеме қуаныштымын

Ақмарал Науатбек: Ересектер арасындағы алғашқы алтын жүлдеме қуаныштымын

Ақтауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. 48 келіге дейінгі салмақта топ жарған Ақмарал Науатбек жарыстан кейін ҰОК баспасөз қызметіне сұхбат беріп, қуанышын жасыра алмады, деп хабарлайды Prosports.kz

<span> "Қазақстан чемпионатына өте жоғары деңгейде дайындалдық. Біз дәл мұндай дайындықты, күшті, жаттығуды халықаралық, әлемдік жарыс алдындағы оқу-жаттығу жиынында жасайтынбыз. Ұзақ үзілістен кейін бірінші рет татамиге шығып тұрғанан күресті өте сағындық. Сол үшін де белдесулер тартысты өтті деп ойлаймын. Финалдағы қарсыласым Ғалиямен осы уақытқа дейін өте көп кездестік. Жасөспірімдер сапында жүргеннен есептейтін болсақ, осы уақытқа дейін екеуміз жиырмаға жуық кездесу өткіздік. Қазақстан чемпионатына дайындалғанда финалға шығатынымды және финалдағы қарсыласым Ғалия болатынын сездім. Біз екеуміз бір-біріміздің күресімізді өте жақсы білеміз. Соған қарамастан, бүгін жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Бұл - менің ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігіндегі алғашқы алтын медалім", - дейді Ақмарал Науатбек. </span><br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или