Ғұсман Қырғызбаев: Мен үшін Қазақстан чемпионаты жаңа маусымға дайындық жарысы болмақ
Қазақстандық дзюдошылар Қазақстан чемиоонатына соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Ел құрамасының мүшесі Ғұсман Қырғызбаев Olympic.kz сайтына Қазақстан чемпионатына қатысудағы мақсатымен бөлісті.
"Қазақстан чемпионатына тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Бас бапкердің шешімімен, ел біріншілігіне 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесемін.
Бұл салмақ мен үшін жаңа болғанымен, қарсыластарымды танимын, өте жақсы білемін.
Ел чемпионатындағы жоспар - жарақатсыз жақсы күрес көрсету. Себебі, қаңтар айында біз үшін жаңа маусым басталады. Осыған орай, Қазақстан чемпионатына жаңа маусымның алғашқы жарысына дайындық мақсатында қатысамын деуге де болады", - дейді дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев.
Айта кетерлігі, дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 17-22 желтоқсан күндері Ақтау қаласында өтеді.