Бокс

«Big Drama Show оралды». DAZN Головкин - Шеремет жекпе-жегінің видео-аңдатпасын ұсынды

«Big Drama Show оралды». DAZN Головкин - Шеремет жекпе-жегінің видео-аңдатпасын ұсынды
news-banner7
mobile-news-top

DAZN стриминг сервисі орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) поляк Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы жекпе-жегінің алдында проморолик жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Геннадий Головкинге арналған тарихи мүмкіндік» деп аталған видеода қазақстандық боксшының жекпе-жек алдындағы жаттығуларының үзінділері, сондай-ақ оның алдыңғы жекпе-жектердегі нокауттары көрсетілген.

Бейне-аңдатпа «Big Drama Show оралды» деген сөйлеммен аяқталады.

Головкин - Шеремет жекпе-жегі Қазақстан уақытымен 19 желтоқсанда таңертең Холливудта (Флорида, АҚШ) өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер