Ерлан Серікжанов: 73 келі салмақ дәрежесіне ауысуым мүмкін

Ерлан Серікжанов: 73 келі салмақ дәрежесіне ауысуым мүмкін

Қазақстандық дзюдошылар ел біріншілігіне қызу дайындалып жатыр. Ел чемпионатына қатысатын ұлттық құрама мүшесі Ерлан Серікжанов аталған бәсекеге жаңа салмақта күресетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

<span> "Қазақстан чемпионатына дайындық өте жақсы. Ел біріншілігінде 73 келіге дейінгі салмақта бақ сынаймын. Бұл мен үшін жаңа салмақ болғанымен, қарсыластарым өте таныс. Мейілінше жарақаттан сақ болып, жеңіс тұғырынан көріну үшін барымызды саламыз. Себебі, алда әлі де лицензиялық додалар, Олимпиадалық рейтингте ұпай қосылатын әлемдік Masters турнирі бар. Әрине, әрі қарай 66 келіде Олимпиада ойындарына ұпай жинай беремін. Қазақстан чемпионаты өзімді жаңа салмақта, 73 келіде қалай сезінетінімді көру үшін және өз салмағымда (66 келі) сенімділікті арттырады деп ойлаймын. Болашақта 73 келіге ауысыум да мүмкін. Сондықтан, ел біріншілігі мен үшін бақылау жарысы болмақ", - дейді дзюдошы Ерлан Серікжанов. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или