Елдос Жұмақанов: Ел біріншілігі өте тартысты өтеді деп ойлаймын

Елдос Жұмақанов: Ел біріншілігі өте тартысты өтеді деп ойлаймын

Қазақстандық дзюдошылар ел біріншілігіне қызу дайындықты бастады. Ұлттық құрама мүшесі Елдос Жұмақанов ҰОК сайтына жарысқа дайындығы туралы айтып, басты қарсыластарының атын атады.

<span>"Көптен күткен Қазақстан чемпионаты басталатынына өте қуаныштымыз. Қазіргі таңда Шымкент қаласында ел біріншілігі алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынымызды өткізіп жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей, мен биылғы Қазақстан чемпионатына жаңа салмақта қатысамын. </span>

<span>Бұған дейін де бір салмақ жоғары салмақ дәежесінде бақ сынаған кезім болды. Десе де, жаңа салмақта қарсыластар мен күрес стилінде айырмашылық байқалады. </span>Дәл осы салмақта ұлттық құрама сапында жүрген Жансай Смағұлов, осы салмақта қатысатын Ерлан Серікжанов, Жанболат Бағытбергенов сынды мықты балуандар бар.

Сонымен қатар, жастар құрамасынан да көзге түсіп жүрген дзюдошылар қатысады. Жасыратыны жоқ, бәріміз татамиді, жарысты сағынып қалдық. Қазақстан чемпионаты өте тартысты өтеді деп ойлаймын", - дейді Жұмақанов. 

<span> Айта кетерлігі, дзюдодан Қазақстан чемпионаты 17-22 желтоқсан күндері Ақтау қаласында өтеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или