Қысқы

Коронавирус: «Тур де Ски» жоспарланған жерлерде өтеді

Коронавирус: «Тур де Ски» жоспарланған жерлерде өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) «Тур де Скиді» өткізуге қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Норвегия құрамасының наразылығына қарамастан, кезең алдын ала жоспарланған үш түрлі жерде өтеді - Валь Мустайр (Швейцария), Тоблах (Италия) және Валь ди Фимме (Италия).

«Коронавирусқа қарсы барлық шара ұлттық және аймақтық талаптарды ескере отырып әзірленді. FIS әлем кубогының алдыңғы шараларынан алған тәжірибесін ескереді. Сынақ өтетін орында жасалады, қала арасына баруды ұйымдастырушылар мен халықаралық федерация бақылайды», - делінген ресми хабарламада.

«Тур де Ски» 2021 жылдың 1-10 қаңтарында өтеді. Норвегия, Швеция және Финляндия құрамалары коронавирус жұқтырудан қорқып, Давос пен Дрезденде өтетін Әлем кубогының Жаңа жыл алдындағы кезеңдеріне қатыспайды.
Норвегиялықтар «Турды» бір жерде өткізуді ұсынып, көпкүндікке бойкот жариялаймыз деп қорқытқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер