ММА

«Өте көп қысқарту болады». UFC басшысы ұйымды не күтіп тұрғанын айтты

«Өте көп қысқарту болады». UFC басшысы ұйымды не күтіп тұрғанын айтты
news-banner7
mobile-news-top

UFC президенті Дана Уайт ұйымның ондаған спортшымен қоштасуға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, промоушн бұған дейін Йоэль Ромеромен келісімшартты бұзғаны белгілі болды.

«Бұл тек Йоэлге ғана қатысты емес. Жыл соңында бізді көптеген қысқарту күтіп тұр. Келесі жылдың басында біз 60 спортшыны ұйымнан шығарамыз. Мәселен Ромеро өзінің соңғы бес жекпе-жегінің төртеуінде жеңіліске ұшырады, ол 43 жаста, ал біздің тізім тым ұзақ. Сонымен, үлкен тазарту міндетті түрде болады, алдағы бірнеше аптада көптеген есімдерді естисіздер. Бұл шешімді қабылдау қиынға соқты, бірақ солай болуға тиіс», - деді Уайт баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін функционер ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен кездесуге ниетті екенін растады. Әңгіме Хабибтің оралуы туралы болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер