ММА

Азамат Марқабаев жеңіске жеткен жекпе-жекке бейнешолу

Азамат Марқабаев жеңіске жеткен жекпе-жекке бейнешолу

Қазақстандық файтер Азамат Марқабаев (7-3) EFC 30 турнирінде өткізген жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Мәскеуде өткен аралас жекпе-жек кешінде Азамат Марқабаев жергілікті спортшы Селем Евлоевтен (4-3) басым түсті. Ол екінші раундта қарсыласының қолына ауырту әдісін жасап жеңді. 

Айта кетейік, Азамат Марқабаев биыл үш жекпе-жек өткізіп үлгерді. Бұған дейін ол GFC мен FNG біріккен турнирінде Никита Балтабаевқа төрешілердің шешімімен есе жіберді.

Түпнұсқасы: Prosports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0