ММА

Шавкат Рахмонов: UFC-де келесі жылы үш жекпе-жек өткізгім келеді

Шавкат Рахмонов: UFC-де келесі жылы үш жекпе-жек өткізгім келеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ММА файтері Шавкат Рахмонов (13-0) UFCRussia-ға берген сұхбатында келесі жылдағы жоспары жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазан айында «Номад» UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, Абу-Дабидегі турнирде бразилиялық Алекс Оливейраны жеңді. Осы жеңістен кейін Рахмонов Дональд Серронені айқасқа шақырды.

- Дональд Серронемен жекпе-жек өткізу ойымда болды. Октогонға шақырғым келді. Ол өзінің салмақ дәрежесін өзгертті. Енді шақырудың қажеті шамалы.

Мен сегізбұрышқа наурыз айында оралуды жоспарлап отырмын, жалпы қаңтарда жекпе-жек өткізгім келді, бірақ бұл ай бос емес. Келесі жылы үш жекпе-жек өткізгім келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер