Головкин мен Шеремета титулды жекпе-жек алдында допинг сынамасын тапсырады
IBF / IBO орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен оның міндетті қарсыласы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) 18 желтоқсандағы жекпе-жек алдында ерікті допингке қарсы агенттік (VADA) бағдарламасына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Боксшылар жекпе-жекке дейін және одан кейін тыйым салынған заттарды қолдануға сынақтан өтеді.
«VADA Testing Геннадий Головкин мен Камила Шереметаны 18 желтоқсандағы жекпе-жекке дейін біздің бағдарламаға шақырады», - делінген ұйымның хабарламасында.
Еске сала кетелік, Головкин - Шеремета жекпе-жегі Голливудта (АҚШ, Флорида) Seminole Hard Rock Hotel & Casino-да Қазақстан уақытымен 19 желтоқсан күні таңертең өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или