Күрес

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы елордада жаттығып жатыр

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы елордада жаттығып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер күресінен ұлттық құрама мүшелері елордада шеберліктерін шыңдауға кірісті. Қазақстан чемпионатынан кейін ұйымдастырылған алғашқы оқу-жаттығу жиынына ұлттық құрама мүшелерімен қатар, ел біріншілігінде көзге түскен жаңа есімдер де шақырылған. Бұл туралы әйелдер құрамасының бас бапкері Нұрлан Аманқосов Olympic.kz сайтына айтып берді.

«Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында әйелдер күрес академиясында жаттығу жиынына кірістік. Құраманың бірінші, екінші нөмерлі спортшыларынан басқа, Қазақстан чемпионатында көзге түскен жас балуан қыздарды да жиынға шақырдық. Қазір жалпы физикалық дайындықтарын шыңдап жатыр.

Ал соңғы, жылдың қорытынды оқу-жаттығу жиынымыз Алматы қаласында өтеді деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі күнтізбеге сәйкес 13-30 желтоқсан аралығында өтуі тиіс.

Амандық болса, 2021 жылғы маусымды Италияда өтетін халықаралық турнирмен бастаймыз. Одан кейін Алматы қаласында жоспарланған Азия чемпионаты өтеді. Ал кешегі біріншілікте Олимпиадалық салмақ бойынша бірінші орын алған спортшылар Қытайда наурызда өтетін лицензиялық турнирге дайындалады. Құрлықтық жарыстан бөлек, Олимпиадаға жолдама үлестірілетін тағы бір әлемдік дода бар», - дейді бас бапкер Аманқосов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер