Грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты. 72 келіде кім чемпион атанды
Алматыда грек-рим күресінен 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ел үздіктері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
<span>Аталған салмақ бойынша атыраулық Қаһарман Қисметов ел чемпионы атанды. Ол финалда алматылық Азат Садықовты 5:4 есебімен жеңді. </span>
<span>Темірлан Өмірбай (Алматы) Әбунасыр Өмірзақтан (Жамбыл облысы) 12:8 есебімен басым түсіп, қола жүлдегер атанды. Ал екінші қолаға қызылордалық Олжас Сүлеймен ие болды. Ол жұбаныш белдесуінде Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы Николай Хапконы 7:4 есебімен жеңді.</span><br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или