Алмат Кебісбаев Қазақстан чемпионатының финалына шықты
Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионатының финалистері анықталды.
Алматыда "Достық" спорт кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатында грек-рим күресі бойынша жартылай финалдық бәсекелер өтіп жатыр.
67 келіге дейінгі салмақта Алмат Кебіспаев ел біріншілігінің финалына шықты. Жартылай финалда ол ақтөбелік Тәңірберген Наурызбаевты 2:1 есебімен жеңді.
Алматы облысының өкілі Нұрбек Қызыров Алматтың финалдағы қарсыласы болмақ. Ол жартылай финалдық белдесуде шымкенттік Әділхан Сатаевтан 0:2 есебімен басым түсті.
Айта кетерлігі, 67 келіге дейінгі салмақтағы финалдық бәсекелер 26 қараша күні өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или