Қысқы

Биатлоннан әлем кубогының соңғы үш кезеңі өтетін қалалар анықталды

Биатлоннан әлем кубогының соңғы үш кезеңі өтетін қалалар анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық биатлоншылар одағы (ІBU) 2020/2021 жылғы маусымдағы әлем кубогінің соңғы үш кезеңіне қатысты жарыс кестесін жариялады деп жазады Olympic.kz.

Бұған дейін коронавирус індетіне байланысты биатлоннан Бейжіңдегі әлем кубогі кезеңі өтпейтіні мәлім болған. Қытайдағы бақылау жарыстары биылғы желтоқсан мен 2021 жылдың алғашқы тоқсанына жоспарланған болатын. Алайда, әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кубоктік кезең өткізілмейді. Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 18-21 наурызы аралығында ұйымдастырылады.

Жаңа жарыс кестесіне сәйкес, Чехияның Нове-Место аймағы 4-7 наурыз және 11-14 наурыз аралығында әлем кубогінің екі кезеңін қабылдайды.

Ал маусымдағы соңғы кубоктік кезең Норвегияның Холменколлен қаласында, 18-21 наурыз аралығына жоспарланған.

Әлем кубогінің алғашқы екі кезеңі 28 қараша мен 6 желтоқсан аралығында өтеді. Аталған сынға қазақстандық биатлоншылар да қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер