Күрес

Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты. Алғашқы финалистер анықталды

Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты. Алғашқы финалистер анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыдағы "Достық" спорт кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күні басталды. Бозкілемде еркін күрес шеберлері өзара мықтыны анықтауда. Бүгін үш салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар белгілі болады. Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасай отырып, финалға жолдама алған балуандарды назарларыңызға ұсынады.

57 келіде алтын жүлдеге Ақмола облысының өкілі Дәулет Теміржанов пен қарағандылық Жавохир Иристаев таласады. Олар өз кезегінде Шымкент және Жамбыл облысының балуандарынан басым түсті. 61 келіде Алматы облысының намысын қорғаған Адлан Асқаров пен Атырау өкілі Саламат Мәліков финалда белдеседі. Асқаров жартылай финалда тәжірибелі Расул Қалиевті жеңсе, Мәліков қарағандылық А.Оганнисянды жарыс жолынан шығарған. 86 келіде осы салмақтағы үздіктердің бірі, Шығыс Қазақстан облысының балуаны Азамат Дәулетбеков пен Алматы облысынан күрескен Есқали Дәулетқазы чемпиондық атаққа таласады. ½ айналымда Азамат Маңғыстау облысының, Есқали Алматы қаласының өкілін жеңді. Финалдық белдесулер Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі 18:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер