Арман Әшімов UFC ұйымымен келісімшартқа отырды
Қазақстандық үздік файтерлердің бірі Арман Әшімов UFC-мен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жайлы Arlan MMA Pro Team командасының жаңадан сайланған басшысы Дархан Бәкенов мәлімдеді.
— Арман UFC ұйымымен келісімшартқа отырды. Жақында осы ұйымның атынан жекпе-жекке шығуы керек. Қазіргі таңда ол АҚШ-та жұмыс визасын күтіп отыр,- деп айтты Бәкенов.
Еске сала кетейік, осыған дейін аралас жекпе-жек әлеміндегі ең танымал ұйыммен Жалғас Жұмағұлов пен Шавкат Рахмонов келісімшарт құрған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или