Дзюдодан Загребтегі Гран-при турнирі өткізілмейді
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) биылғы маусымды мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр.
Бұл туралы әлемдік ұйымның ресми сайты хабарлады.
«Қазан айының соңында "Grand Slam" турнирін сәтті өткізген соң, IJF Загребтегі Гран-при бәсекесін ұйымдастыруды қолға алған. Алайда, ғаламдық дағдарысқа байланысты әлемнің көптеген елдерінде денсаулық саласы ақсап тұр.
Сол себепті, біршама мемлекеттер COVID-19 індетіне байланысты шектеу шараларын қолданып жатыр. Мұндай жағдайда спортшылардың жаттығу жасауының өзі қиынға соғады. Сол себепті, биыл әлемдік тур бәсекелері өткізілмейді деп шештік.
IJF 2021 жылдың шымылдығын түретін, рейтингтегі ең мықты дзюдошылардың басын қосатын "Qatar Masters" додасында баршаңызды күтеді», - делінген хабарламада.
Халықаралық федерация 2021 жылдың қаңтарында жаңа маусымды бастауға ниетті.