ОйланLike
Командалық

Сөйлеген сөз үшін де спорттан шеттетіледі екен...

Сөйлеген сөз үшін де спорттан шеттетіледі екен...
news-banner7
mobile-news-top

Қалайсың, досым? Бұл «Ойланlike» блогының кезекті шығарылымы. Блогтың басты мақсаты – спортшылардың «косяктарын» айту. Иә, иә, дәл солай. Ал, кеттік.

«Қораға кірдің» деген осы. Волейболшы Алеся Сафронова QazSport арнасының тікелей эфирінде сөйлеген сөзі үшін спорттан шеттетілді. Басынан бастайық. Волейболдан Қазақстан чемпионатының аясында өткен «Жетісу» мен «Алтай» командалары арасындағы матчта волейболшы «Қазақстанда бәрі сатылады. Федерацияда» (тұпнұсқасы былай «В Казахстане все продается! В Федерации!»).

Мұндай сөздер біздің спорттағы шенділердің «намысына» тиіп кеткен болу керек Алеся Сафронова келесі матчта-ақ алаңға шықпады. Ал бүгін белгілі болғандай, Федерация волейболшыны уақытша жарыстан шеттетіп, оның тәртібін төрешілер қарастырады-мыс.

Tengrinews.kz порталы волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаевтың сөзін келтіріпті:

«Жетісу» командасының № 14 ойыншысы Алеся Сафронованың «Алтай» - «Жетісу» матчы кезінде QazSport телеарнасының тікелей эфирінде Қазақстан волейбол федерациясын бағытталған сөзі үшін жанкүйерлер мен волейбол сүйер қауымның тарапынан түскен көптеген шағымды негізге ала отырып.

2020 жылдың 12 қарашасында чемпионаттың алғашқы турының төрешілер алқасы Алеся Сафронованы атқарушы комитеттің жақындағы жиналысында эпизодты қарастырумен қатар тур соңына дейін шеттетуді шешті».

Демек, спортшы ойын білдіргені үшін жарыстан шеттетілді. Бұл қай заңнамаға қарсы? Ойын еркін айтатын елде емеспіз бе?

Алеся Сафронова еліміздің үздік волейболшыларының бірі. Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының капитаны болып, ұлттық құраманы бастап барған. «Жетісудың» капитаны. Барған жарысында үздіктердің қатарынан көрінеді.

Енді спортшыларымызды айтқан сөзі үшін шеттетіп, аузына қақпақ қоятын болдық па? Федерация тым асыра сілтеп жіберген жоқ па? Бас ал десе шаш алатын «шенеуік» сымақтар қашанғы елімізді артқа сүйрей береді? Не дейсің мұндайда... Айтар сөз жоқ...

Түпнұсқасы: Ойланlike Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер