Фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Ресейде өтеді

Фристайл мен сноубордтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 2021 жылы Ресейдің Красноярск аймағында өтеді.
<span> «Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясымен (FIS) ұзақ уақыт келіссөздер жүргізілген соң, әлемдік доданы 2021 жылдың 15-28 наурызы аралығында өткізу туралы шешім қабылданды. Біз аталған бәсекені жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырысамыз», - делінген хабарламада. </span>
<span>Айта кетелік, әлемдік дода 2019 жылғы Бүкіләлемдік универсиада ойындарына арнап салынған кешенде өтеді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или