Бақтияр Байсейітов: Ел біріншілігіне құрамадағы үздік спортшылардың барлығы қатысады

Бақтияр Байсейітов: Ел біріншілігіне құрамадағы үздік спортшылардың барлығы қатысады

<span>19-26 қараша күндері Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді. Грек-рим күресінен ұлттық құрама бас бапкері Бақтияр Байсейітовтың айтуынша, ел біріншілігіне құрамадағы үздік спортшылардың барлығы қатысады. Сондай-ақ, бас бапкер әлем біріншілігіне қатысуға рұқсат берілген жағдайда ұлттық құраманың бұл сынға тас-түйін дайын екенін жеткізді. </span>

<span>"Қазіргі таңда ұлттық құрама мүшелері Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы Олимпиадалық даярлау орталығында оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Кезекті жаттығу жиынынң мақсаты - ұлттық құраманы алдағы Қазақстан чемпионатына дайындау. Ел біріншілігіне ұлттық құрама сапындағы барлық спортшы қатысады. Атап айтқанда, өз салмақ дәрежесінде халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген үздік балуандардың барлығы Алматы бозкілеміне шығады.  </span>

<span>Қазақстан чемпионаты алдағы маусымға ұлттық құраманы жасақтауға таптырмас дода. Ел біріншілігі барысында жаңа есімдер шығып жатса, сөзссіз ұлттық құрамаға шақырту алады. Себебі, осы додада үздік атанғандар, жастар, біздің болашағымыз, резервіміз болмақ. Өздеріңіз білетіндей, бүгінде ұлттық құрама сапындағы балуандардың басым бөлігі өздерінің соңғы олимпиадалық кезеңдерінде тер төгіп жүр. Мәселен, Нұрмахан Тінәлиев, Алмат Кебіспаев, Демеу Жадыраев, Асхат Ділмұхамедов сынды тісқаққан бозкілем шеберлерінің соңғы Олимпиадалық кезеңі болуы ықтимал. Сондықтан, бізге бүгінгі батырлардың орнын басатын командадан ізбасарлар әбден керек", - дейді бас бапкер Бақтияр Байсейітов. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или