Бокс

«Головкинді ұмытыңдар». Америкалық БАҚ Сауль Альвареске басқа қарсыластар тапты

«Головкинді ұмытыңдар». Америкалық БАҚ Сауль Альвареске басқа қарсыластар тапты
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық Boxingnews24.com порталының авторы Шон Джонстың пікірінше, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтпейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Автордың бұлай айтуына бірнеше себеп бар екен. Оның ішінде Альварестің Golden Boy промоутерлік компаниясынан кетіп, DAZN стриминг сервисімен келісімшартын бұзуы себеп. Одан бөлек, Головкиннің жасы да роль ойнайды екен.

«Егер «Канело» жанкүйерлеріне лайықты нәрсені бергісі келсе, онда оның Джермалл Чарло, Давид Бенавидес, Дмитрий Бивол және Артур Бетербиевпен жекпе-жек өткізуі керек. Келесі жылы 39-ға толатын Головкинді ұмыта беріңіздер. Головкин DAZN-мен 40 жасқа толғанға дейін келісімшартта болатынын ескерсек, «Канело» онымен жұдырықтаспауы керек. GGG тым кәрі және егер ол осы уақытқа дейін тағы бір рет жеңілмесе, бұл оның әлсіз қарсыластармен шыққанын білдіреді», - деп жазды америкалық сайттың авторы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер