Сынауға құқымыз жоқ па?!
Әлем футболы

«Жеңілсе де «Бетис» жасасын!» Желідегі жанкүйер жазбасы

«Жеңілсе де «Бетис» жасасын!» Желідегі жанкүйер жазбасы
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz назарларыңызға «Барселона» клубының жанкүйері Шамкен Байырбектің Facebook желісіндегі жазбасын ұсынады.

«Əлқисса, әңгімені Андалусия клубының ұранымен бастайық.

Санаулы сəттер бұрын Ла Лиганың 9-турында «Барселона» өз алаңында «Бетисті» (5:2) жеңді.

Бүгін алаң иелері чемпионатта қатарынан екінші маусым «Камп Ноуда» Севилья ұжымынан дәл осындай есеппен үстем түсті. Алдыңғы Примерада «Барса» қос матчта да 3 ұпай алған-ды. (2-турда алаң иелері (5:2), түзде 23-турда (2:3).

Түптеп келгенде бұл екі клуб арасындағы 118-ойын. Клубтар тек Испаниядағы бəсекелерде ғана кездескен. «Блауграна» 71-інде, «ақ-жасыл жейделілер» - 25-інде басым түссе, 22-і тең аяқталған.

КӨПТІ ТАҢ ҚАЛДЫРҒАН МЕССИ

Аргентиналық сұрмерген 9-турдағы ойынның алғашқы таймын алаң жиегінен тамашалады. Дегенмен 46-минутта Ансу Фатиді алмастырған капитан көпке созбай тең есепті өзгертті.

Бұл Леоның «Бетиспен» болған 23-матчты. 61-минутта пенальтиден 24-голын торда тулатты. Тағы 10 нəтижелі пасы бар.

Бүгін Месси «блауграна» жейдесінде 639-голын салды. Бір клуб тарихында ең көп гол тоғытқан Пелені басып озу үшін енді оған 5 доп жеткілікті. Бразилиялық шабуылшы «Сантос» сапында 643 гол салған еді.

БІР ЖЫЛ ҚАЙДА БОЛДЫҢ ОСМАН?

22-минутта жойқын соққымен есеп ашқан Осман Дембеле Ла Лигада араға 13 ай салып қайта көзге түсті. Алдыңғы маусымда 6 қазанда «Севилья» қақпасынан саңылау тапқаннан кейін Дембеле жарақатына байланысты көсіліп ойнай алмаған. Нəтижесінде сол аралықта Примерадағы 8 кездесуге ғана қатысты.

ШАШУ, ШАШУ АНТУАН!

Гризманн үшін «Бетис» орны бөлек клуб деуге болады. Ой, «Атлетикодан» кейін, əрине. Неге десеңіз, Антуан «блауграна» жейдесіндегі алғашқы голын «Бетис» қақпасына салған. Сол бір жыл бұрынғы 2019-дың 25 тамыз кешіндегі ойында Анто 10 минутта дубль жасап (41, 50 минутта) қуанышын шашу шашып тойлап еді. Көмектескен Авив Левиге рақмет!

БОНУС НЕМЕСЕ МЕНЕН СІЗГЕ +

Жалпы Испанияда көбі «бетикосты» шағын «Барселона» деп атайды. Мануэль Пеллегрини шəкірттер тактика жағынан еліктеп қана қойса бір сəрі. Құрамында бұрынғы, тіпті, қазіргі «Барса» футболшылары жетеді. Мысалы:

Бразилиялық қорғаушы Эмерсон келісім шарт бойынша «блаугранаға» тиесілі. Алайда «Бетис» жалға алған футболшыны клуб кері қайтаруға құлықты болмай тұр.

2014-2016 жылдары «Барса» қақпасын қорғаған Клаудио Браво маусым басында "Бетиспен" 1 жыл келісім-шартқа қол қойды. Бүгін 37 жастағы қақпашы 30-минутта бұрынғы командасына қарсы пенальти тойтарды. Бірақ екінші рет Месси мүлт кептеді.

Кезінде Каталония клубында жасындай жарқылдаған Марк Бартра қазір «Бетис» қорғаушысы. 2002 жылы Ла Масияға қабылданған Маркті 2016 жылы «Боруссия» сатып алған еді.

Өмірінің 16 жылын Каталонияда өткізген Мартин Мантойя да бұл күні Севилья клубы қатарында жүр.

Гвардиола кезінде «Барселона» қатарында ойқастаған Кристиан Тельоға «Бетис» жаққан секілді. Алдыңғы 8-турда дубль жасап, жеңіске зор үлес қосты.

Антонио Санабрия мен Хуан Миранда – «Барселона» сапында ресми матчқа қатыспағанымен Ла Масия түлегі.

Бұл қатарды толықтыратын тағы екі есім бар. Хуниор Фирпо мен Кике Сетьен. Алғашқысы əлі «Барса» қатарында жүрсе, екіншісі ұзақ тұрақтамады».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер