Киевтік «Динамоның» алты футболшысы коронавирус жұқтырды

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Барселонаға» қарсы матч алдында украиналық «Динамоның» бірқатар ойыншысы мен клуб қызметкерлерінен коронавирус табылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі киевтік клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
УЕФА сертификаттаан зертханада міндетті сынақ кезінде «Динамо» ойыншылары Георгий Цитаишвили, Денис Гармаш, Миккель Дуэлунд, Александр Караваев, Тудор Бэлуцэ және Николай Шапаренкодан COVID-19 табылды.
Сонымен қатар, бас бапкердің көмекшісі Эмиль Карас пен команданың төрт қызметкерінің сынағы оң нәтиже көрсетті.
Клубтың баспасөз релизінде айтылғандай, коронавирус анықталған барлық ойыншы мен қызметкер өзін-өзі оқшаулаған және өздерін жақсы сезінеді.
Бұған дейін қақпашылар Денис Бойко, Георгий Бушан, қорғаушы Виталий Миколенко және фитнес жаттықтырушысы Виталий Кулыба коронавирус жұқтырған болатын.