ММА

Шавкат Рахмонов Хабиб Нурмагомедовпен жүздесті

Шавкат Рахмонов Хабиб Нурмагомедовпен жүздесті
news-banner7
mobile-news-top

Шавкат Рахмонов Instagram-парақшасында UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен бірге түскен фотосын жариялады.

Рахмонов пен Оливейраның жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады деп жоспарланған. Тікелей эфирді мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

UFC-де дебют жасағалы отырған Шавкат Рахмонов өзінің соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың маусымында өткізіп, бірінші раундта бразилиялық файтер Тиаго Ласердоны (28-8-1-1) техникалық нокаутпен жеңді. Алекс Оливейра 2020 жылдың шілдесінде шайқасып, Германияның өкілі Питер Соботтадан (17-7-1) төрешілер шешімінің арқасында басым түсті.

Сондай-ақ, қазақстандық Сергей Морозов (16-4) UFC 254-те өнер көрсетуі керек еді. Алайда қарсыласы Умар Нурмагомедов (12-0) ауырып қалып, жекпе-жек өтпейтін болды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер