Grand Slam: Дзюдошы Дидар Хамза жарыстан шықты

Grand Slam: Дзюдошы Дидар Хамза жарыстан шықты

<span>Қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза әлемдік Grand Slam бәсекесін сәтсіз аяқтады.  </span>

<span>81 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан ол жарыстың екінші айналымында тоқтады. Бірінші кездесуін венгриялық Аттила Унгвариге қарсы өткізіп, қосымша уақытта иппон ұпайымен жеңді. </span>

<span>Ал екінші айналымда отандасымыз өзбекстандық Шарофиддин Болтабоевтен ескерту қағазымен ұтылып қалды. 7 минутқа созылған екеуара кездесу өзбекстандық балуанның еншісіне шешілді. Айта кетерлігі, жарыстың екінші күнінде тағы бір қазақстандық балуан белдесуде. Атап айтқанда 73 келіге дейінгі салмақ дәрежеснде Жансай Смағұлов күресіп жатыр.  </span>

<span>Әлемдік дода қазанның 25-іне дейін жалғасады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или