Ерасыл Қажыбаев: Мақсат - мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, тиісті ұпайды еншілеу
23 қазан күні Будапештте дзюдодан әлемдік Grand Slam кезеңі басталады. Дүниежүзілік додада 100 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғайтын Ерасыл Қажыбаев ҰОК сайтына жарысқа дайындығы туралы айтып берді.
<span>"Жасыратыны жоқ, осындай байрақты бәсекелерді сағынғанымыз рас. Байрақты бәсеке өтеді дегеннен дайындығымызды пысықтап, бағымызды сынауға бел байладық. Десе де, жаттығуды бірқалыпты, үй жағдайында үзбей жасағанымызбен ұзақ уақыт жарыссыз жүргеннің нәтижесін осы додада көретін боламыз. </span>
<span>Бір айта кетерлігі, пандемияға байланысты төтенше жағдай режимі мен карантин болған кезде де ұлттық құраманың бас бапкері мен жеке жаттықтырушылардың қатаң бақылауында болып, күнделікті формамызды сақтауға тырыстық. </span>
<span>Тек біз емес, Будапешт татамиіне шығатын барлық балуанның жағдайы бірдей деп ойлаймын. Бұл рейтингтік жарыс болғандықтан, кез келген балуан рейтингте ұпайын түгелдеп алу үшін аянып қалмасы анық. Мақсатым - мүмкіндікт дұрыс пайдаланып, рейтингіме тиісті ұпайды еншілеу, - дейді ұлттық құрама мүшесі Ерасыл Қажыбаев. </span>