«Сарыарқаға» жаңа бас бапкер тағайындалды

«Сарыарқаға» жаңа бас бапкер тағайындалды

Қарағанды қаласының намысын қорғайтын «Сарыарқа» хоккей клубына жаңа бас бапкер тағайындалды, деп жазады Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бас бапкер қызметін 2017/2018 жылғы маусымда «Сарыарқада» жұмыс істеген Александр Соколов атқарады. <br />

Александр Юрьевич Соколов 1957 жылы 8 қазанда дүниеге келген.

Ол бапкерлік мансабын 1995 жылы бастаған. Мансабында «Нефтехимик», «Реактор» жастар командасы (2005/2006, 2009-2012, 2013-2017), «Олимпия» (2006/2007), «Нефтяника» (2008/2009), «Дизеля» (2012/2013) командаларын жаттықтырған.

Айта кетейік, 2020/2021 жылғы маусымда «Сарыарқа» Қазақстан чемпионатында бақ сынайды. Алғашқы ойындарын 28-29 қазанда Өскеменнің «Алтай-Торпедосына» қарсы өткізеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или