ММА

Олжас Есқараев ACA Young Eagles 13 турнирінде жеңіліске ұшырады

Олжас Есқараев ACA Young Eagles 13 турнирінде жеңіліске ұшырады
news-banner7
mobile-news-top

Arlan MMA Pro Team клубының мүшесі, қазақстандық файтер Олжас Есқараев (8-3) ACA Young Eagles 13 турниріне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Толстой-Юртта (Шешен Республикасы) өткен турнирде 29 жастағы Олжас ресейлік Мовсар Баймасхановпен (5-1) кездесті. Жеңіл салмақта (70 кг) өткен кездесу үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен ресейлік жекпе-жек шеберінің жеңісімен аяқталды. Жалпы, жекпе-жек барысында басымдық толығымен Баймасханов жағында болды.

Бұл Есқараевтың мансабындағы үшінші жеңіліс болды. Қазақстандық жауынгер қатарынан бес жеңіс сериясын бұзып алды. Спортшы соңғы рет 2019 жылдың қыркүйегінде Алматыда өткен ACA 69 турнирінде жеңілген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер