Бақытжан Төребеков: Жасөспірімдер үлкен спортқа кәсіби спортшы ретінде алғашқы қадамдарын жасап жатыр
Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер командасы Алматы қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Құраманың аға жаттықтырушысы Бақытжан Төребеков ҰОК сайтына ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жаттығу жиындары туралы айтып, алдағы жоспарымен бөлісті.

«Қазіргі таңда жасөспірім дзюдошылар Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Жиынға өңірлерден 70-ке жуық спортшы шақырту алды. Қатысушылар ішінде 2003 жылғы жасөспірімдермен қатар, 2004-2005 жылы туған жас татами шеберлері де бар. 2004-2005 жылғы спортшыларды шақырудағы мақсат – алдағы жарыстарға дайындалып, осындай үлкен оқу-жаттығу жиындарына үйрету. Себебі, олар біздің болашағымыз, қазіргі спортшылардың ізбасарлары. Дәл қазір жасөспірім кезеңде балалар үлкен спортқа кәсіби спортшы ретінде алғашқы қадамдарын жасап жатыр.

Жыл басында 2003 жылғы спортшылар арасында Қазақстан чемпионатын өткізіп, 2020 жылға құраманы жасақтағанымызбен пандемияға байланысты спортшылар әлемдік жарыстарға шыға алмады. Жарыстар мен бірлескен оқу-жаттығу жиындарының аздығы болашақта кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Бүгінгі жасөспірімдер ертең жастарда, одан кейін ересектерге өтеді. Жасөспірім буынның өз кезегінде жарыссыз, жаттығусыз жастарға көшуі өздеріне де оңайға соқпасы анық.

Қазір жас мөлшеріне бөлмей жасөспірімдердің барлығын бірге жаттықтырып жатырмыз. Осы қарқынмен жүйелі жұмысты жалғастырып, Қазақстан біріншілігіне команданы реттейміз. Атап айтқанда, 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында құраманы жасақтаймыз деген жоспардамыз», - дейді құраманың аға жаттықтырушысы Бақытжан Төребеков.

Айта кетерлігі, жасөспірімдер командасының жаттығу жиындары 19 қазанға дейін жалғасады.