Командалық

«Астана» ватерпол клубы «Спартак-Волгоградтан ірі есеппен жеңілді» (+Видео)

«Астана» ватерпол клубы «Спартак-Волгоградтан ірі есеппен жеңілді» (+Видео)
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» ватерпол командасы Волгоградта жергілікті «Спартак-Волгоград» командасына қарсы екі матчтың біріншісін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz spartak-volgograd.com сайтына сілтеме жасап.

Ресей чемпионатының соңғы үш жылдағы күміс жүлдегерлері қазақстандық командаға мүлде мүмкіндік бермей, 9:2 есебімен жеңді. «Астана» сапынан Срждан Вуксанович пен Мұрат Шәкеновтердің қанжығасы майланды.

Астана (Қазақстан) - Спартак-Волгоград - 2:9 (1:1, 0:2, 0:3, 1:3)
Төрешілер: Воеводин А., Древал С. (мәскеуліктер)
Астана: Махметов - Медведев, Әубәкіров, Вуксанович (1), Артюх, Хасанов, Шәкенов (кап.) (1), Бербелюк, Шарф, Шмидер, Шоңжігітов, Ахметов - Ермұхаметов
Спартак-Волгоград: Федотов - Есков, Шейкин (1), Чешев, Степанов (1), Ашаев (1), Халтурин (3), Нежинский (2), Иванков, Носаев (1), Киселев, Агарков (кап) ) - Трусов

«Астана» мен «Спартак» арасындағы екінші матч 15 қазанда, Нұр-Сұлтан уақытымен 19:45-те басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер