Велоспорт

«Джиро д’Италия»: Екі шабандоз коронавирусқа байланысты жарыстан бас тартты

«Джиро д’Италия»: Екі шабандоз коронавирусқа байланысты жарыстан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Майкл Мэттьюс (Sunweb) және Стевен Крейсвейк (Jumbo-Visma) коронавирусқа байланысты «Джиро д’Италия» веложарысын жалғастыра алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мэттьюстің 10-кезең алдында короавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Ауру симптомсыз өтіп жатыр, шабандоз өзін жақсы сезінеді. Оның командасында ешкім, оның ішінде қызметкерлер де коронавируспен ауырған жоқ. Алайда, олардың жағдайы мұқият бақыланады.

Бүгін Крейсвейктен де коронавирус анықталды. Бұл шабандозда да ауыру белгілері жоқ. Оның командасындағы қалған спортшылар екі рет теріс сынақтан өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер