Теннис

Санкт-Петербургтегі ATP турниріне қатысушылардың бірі жарыстан бас тартты

Санкт-Петербургтегі ATP турниріне қатысушылардың бірі жарыстан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Санкт-Петербургтегі ATP 500 турниріне қатысушылардың бірі коронавирусқа байланысты жарысқа қатысудан бас тартты деп хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ATP баспасөз қызметі Twitter желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

«11 қазандағы коронавирусқа тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткендіктен, қатысушылардың бірі Санкт-Петербургтегі ATP 500 турнирінен бас тартты.

Жергілікті денсаулық сақтау органдары мен ATP медициналық штабы өзін-өзі оқшаулауға жіберілген спортшыны бақылауды жалғастырады. Қазіргі уақытта аурудың белгілері жоқ. Біз аталған ойыншының кіммен байланысқанын қадағалаймыз», - делінген хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер