Бокс

Шетелдік БАҚ Головкинді жекпе-жекке шақырған боксшы туралы жазды

Шетелдік БАҚ Головкинді жекпе-жекке шақырған боксшы туралы жазды
news-banner7
mobile-news-top

Bolavip.com порталы мексикалық боксшы кіші Хулио Сезар Чавестің (51-5-1, 33 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке шақыруы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Көптеген адам соңғы жекпе-жегінде Касарестен нокаутпен жеңілген Чавестің карьерасы бітті деп санайды, бірақ ол өзі олай ойламайды. Алдына жоғары мақсаттар қойып, жаңа парақ ашқысы келеді. Ол IBF чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуды мақсат етіп отырғанын анық айтты. Ал Головкин келесі жекпе-жегін міндетті қарсыласы Камил Шереметамен өткізеді», - деп жазады басылым.

Соңғы жекпе-жегінде Чавес алтыншы раундта отандасы Марио Абель Касарестен (12-0, 5 КО) нокаутпен жеңілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер