«Астананың» ВТБ Біріккен лигасындағы матчтары кейінге қалды

«Астананың» ВТБ Біріккен лигасындағы матчтары кейінге қалды

«Автодор» баскетбол клубы ВТБ Біріккен Лигасы аясындағы «Астанаға» қарсы өтетін матчтың кейінге қалғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«ВТБ Біріккен Лигасы тұрақты чемпионатындағы «Автодор» - «Астана» 22 қазанға ауыстырылды, ал  «Астана» - «Автодор» матчы Қазақстан астанасында 2021 жылдың 31 қаңтарында өтеді.

ВТБ Біріккен Лигасының дирекциясы күнтізбені оңтайландыру мақсатында Чемпионат регламентінің 30.1 бабына сәйкес екі матчты да кейінге қалдырды», - деп жазды «Автодордың» баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или