ҚФФ Қазақстан - Солтүстік Македония матчына қатысты мәлімдеме жасады

ҚФФ Қазақстан - Солтүстік Македония матчына қатысты мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы бүгінгі кездесу көрермендер мен БАҚ-тың қатысуынсыз өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің карантиндік стандарттарын сақтау қажеттілігінен кейін, Қазақстан Футбол Федерациясы Қазақстан мен Солтүстік Македония жастар құрамалары арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу матчы ресми хабар таратушы қызметкерлерді қоспағанда, көрермендер мен БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өтетінін еске салады. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет!", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бүгін, 8 қазан күні Қазақстан құрамасы мен Солтүстік Македония командалары кездеседі. Қос команда арасындағы кездесу елорда уақытымен сағат 16:55-те басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер