Айдын Смағұлов: Спортшылардың барлығы жақсы деңгейде

Айдын Смағұлов: Спортшылардың барлығы жақсы деңгейде

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Будапештте өтетн Grand Slam туралы пікірімен бөлісті. Бас бапкердің Olympic.kz сайтына айтуынша, ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы әлемдік бәсекеге қатысуға құрама сақадай сай тұр.

<span>«Кеше Халықаралық дзюдо федерациясының Президенті Мариус Визер Будапештте әлемдік Grand Slam турнирінің өтетінін ресми мәлімдеді. Лицензиялық  жарыс болғандықтан, біз дайындықты бастап, кімдер қатысатынын анықтап жатырмыз. Қазіргі жағдайға байланысты шетелге шығу үшін ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссияның шешімін күтеміз. </span>

<span>Пандемияға байланысты ұлттық құрама мүшелері үй жағдайында жаттығуын тоқтатқан емес. Спортшылардың барлығы жақсы деңгейде. Қазір бар әлем дзюдошылары үйде жаттығып жатыр, сондықтан, бәріміздің әлеуетіміз бір деп айтуға болады. Оның үстіне, турнирдің өтетіні туралы мәлімет кеше кешкісін жарияланды. Әлемдік спортшылардың дайындығы қандай болса, біздің деңгейіміз де сондай», - дейді бас бапкер Айдын Смағұлов. </span>

<span>Айта кетерлігі, IJF президенті Мариус Визер Венгрия астанасы Будапештте әлемдік Grand Slam кезеңінің өтетінін мәлімдеген болатын. Әлемдік дода 23-25 қазан күндеріне жоспарланған.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или