Гүлжан Исанова: Үлкен спортта жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді
Саналы ғұмырын спортқа арнап, өміріндегі барлық жетістікті спортпен байланыстыратын тұлғалар көп. Біз олардың жеңісіне шаттансақ, жеңілісіне бір адамдай құлазимыз. Десе де, біз олардың ішкі жан дүниесін түсініп, спортш сезінген сезімді бастан өткере аламыз ба? Ол - жұмбақ.
Бүгін Olympic.kz сайты "17 жасқа хат..." айдарын жалғастырады. Дзюдодан #TeamKZ мүшесі, бір емес бірнеше Олимпиадалық кезеңде татамиде тер төккен Гүлжан Исанова өзінің спорт жолы туралы әңгме өрбітеді. Тартысқа толы тағдырының сырларымен бөлісіп, іні-сіңілілеріне өмірлік кеңес береді.
Гүлжан Исанова 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында қарапайым отбасында дүниеге келген. Отбасында ешкім спортпен шұғылданбаған. Ал өзі спорт әлеміне өте кеш келген.
Спортқа 18 жасымда келдім. Семейде аң-тері мехколледжінде оқып жүргенімде дене шынықтырудан беретін Қуаныш мұғалім самбо үйірмесінде жаттықтырушы еді. Сол кісі бізді самбо үйірмесіне шақырды.
Жалпы, өзім мектеп оқып жүрген кезден бұзық болып, төбелеске жақын болдым. Қуаныш мұғалімнен «Самбо деген не?» деп сұрағанымда «самбо – өзін-өзі қорғау» деп жауап берген болатын. Өзін-өзі қорғау дегенді естіп, бірден самбоға жазылдым. Сөйтіп, спортты самбо күресінен бастадым.
Одан кейін колледже оқп жүргенде менен бір курс жоғары оқитын Қуаныш деген студент «Гүлжан, мен дзюдодан жақсы жаттықтырушыны білемін. Сол кісіге апарайын. Сен дзюдомен айналыс. Сол кісіге бар» деп, үгіттеді де, меі Тұрмыс деген ағайға алып барды. Семей қаласында Халелов Тұрмыс ағайдың үйірмесінде дзюдоны бастадым. Бірінші жаттығу күнінен-ақ дзюдо маған өте қатты ұнады. Жаныма жақын болғандықтан бірден дзюдоны таңдадым.
Әрбір спортшының арманы – Олимпиада шыңын бағындыру. Мен Олимпиада ойындарына екі рет қатыстым. Өкінішке қарай, жеңіс тұғырына көтеріле алмадым. Осы уақытқа дейін өзім қатысқан барлық маңызды әлемдік додалардан жүлде алып үлгердім. Қоржыныма тек Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатының медальдары жетпейді. Спортта бап пен бақтың қатар шабуы өте сирек. Мүмкін, бабым келіскенімен аталған маңызды додаларда бағым шаппаса керек.Үш олимпиадалық кезеңде күресіп, міне, қазірде төртінші кезеңде тер төгіп жүрмін. Бейжің мен Лондон Олимпиадасындағы байрақты белдесулерді ешқашан ұмытпаймын. 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік болды. Дзюдода жолдама рейтинг бойынша үлестірелітндіктен, маған лицензия алуға рейтингте небәрі 20 ұпай жетпей қалды.