Қазақ күресі

Елімізде қазақ күресін дамыту жоспары әзірленді

Елімізде қазақ күресін дамыту жоспары әзірленді
news-banner7
mobile-news-top

«Qazaq kuresi» қауымдастығының бірінші вице-президенті Самат Әбіш ұлттық құрама сапындағы спортшылармен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бүгін Jekpe-Jek» сарайы базасында спортшылардың оқу-жаттығу жиыны қорытындыланды. Самат Әбіш ғылыми-практикалық базаны күшейту, оқу бағдарламаларын іске асыру, мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін қауымдастық президенті Кәрім Мәсімовтің қолдауымен «Qazaq kuresi» академиясы құрылғанын атап өтті.

Оның сөзінше, Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірге 2020-2021 оқу жылына арналған Қазақ күресін дамыту жөніндегі іс-шаралардың бірлескен жоспары әзірленген.

Бұдан басқа Самат Әбіш қазақ күресін стратегиялық тұрғыда ілгерілету және танымал ету үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде іске асатын «Qazaq kuresi» арнайы жобасы әзірленгенін айтты.

Бүгінгі таңда «Qazaq kuresi» қауымдастығы бірыңғай орталықтандырылған басқару ұйымына айналған.

Аталған салтанатты шараға қонақ ретінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков пен Жауынгерлік өнер қауымдастығының президенті Әнуар Садықұлов шақырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер