«Астана» баскетболшылары тағы жеңілді

«Астана» баскетболшылары тағы жеңілді

3 қазанда «Астана» баскетболшылары ВТБ Біріккен Лигасының кезекті маусымындағы екінші матчтарын өткізді. Эмиль Райковичтің шәкірттері Қазан қаласында жергілікті УНИКС-тен 83:101 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Америкалық шабуылшы Адонис Томас Астананың ең нәтижелі ойыншысы болды. Ол 16 ұпай жинап, 8 нәтижелі пас берді.

ВТБ Біріккен Лигасы

УНИКС (Қазан) - Астана (Нұр-Сұлтан) - 101: 83 (22:19, 31:23, 23:23, 25:18)

Бұл астаналықтардың жаңа маусымдағы екінші жеңілісі. Еске сала кетейік, «Астана» алғашқы матчта ЦСКА-ға есе жіберді (60:93).

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или