ММА

Хабиб Нурмагомедов Джастин Гэтжиді қандай әдіспен жеңуі мүмкін

Хабиб Нурмагомедов Джастин Гэтжиді қандай әдіспен жеңуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжиді қандай әдіспен жеңгісі келетінін айтты, деп хабарлайды, Prosports.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Еске сала кетелік, Нурмагомедов пен Гэтжи 24 қазан күні «Сарбаздар аралында» өтетін UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегінде кездеседі. Бәске промоушнның жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуі тігіледі.

«Менің «гильотинам» жақсы, мен оны сол қолыммен жасаймын. Жекпе-жекте қолымнан келе ме, білмеймін, алайда жаттығу кезінде мен оны жақсы жасаймын. Сондай-ақ менің «кимурам» да жақсы. Егер мен қарсыласымның ішіне отырып алсам, шынтағыммен талқандаймын. Ал егер арқасына мініп алсам, қылқындырып тастаймын. Менің арсеналымда әдіс-тәсілдер өте көп», - деді Нурмагомедов.

Ол Гэтжиді «гильотина» әдісімен жеңгісі келетінін айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер